Ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы

АҚПАРАТ

 

Индикаторлардың орындалуы.

 

2019 жылға бекітілген жылдық жоспар:

Құрылыс жұмыстарының көлемі 138,6 млрд. теңге;

Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 465,4 мың шм құрайды(көппәтерлі тұрғын үйлер – 140 247 шм, жеке тұрғын үй құрылысы-325153шм). 

Тұрғын үй құрылысына тартылатын инвестиция көлемі 32,2 млрд.теңге.

 

Облыс бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі (қаңтар-маусым) 45,2 млрд.теңге немесе 103,1 пайызға орындау жоспарланған. Нақты орындалғаны 51,7 млрд. тенгені немесе 119,7пайызды құрады.

 

Пайдалануға берілген тұрғын-үй көлемі226 056 шаршы метрді немесе 150 пайыздықұрады(жоспар 151 310 ш.м, жоспардан аса орындалғаны 32420 ш.м).

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі2019 жылдың 6 айында  облыс бойынша 119 278 млн теңгені құрады (жоспар 16 430млн тенге, аса орындалғаны 102848 млнмыңтеңге).

 

Құрылыс нысандарына бөлінген қаражат.

 

Облыстың нақтыланған бюджетіне сәйкес 2019 жылға барлығы 24 042,1 млн.теңге (РБ–10 236,8 млн.теңге, ЖБ–7 590,2 млн.теңге, БҚ-6 215,1)қарастырылған.

Аталған қаражаттар есебінен барлығы 79нысанның құрылысын іске асырылуда,(Денсаулық сақтау-2 нысан, Әлеуметтік қамтамасыз ету -1, Мәдениет саласы-4, Спорт саласы -5, Білім -12, Тұрғын үй -30, ИКИ -24 нысан, Іздеу-барлау жұмыстары-1)64 нысанның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталуы жоспарланған(27 нысаны 2018 жылдан өтпелі),15 нысан2020 жылға өтпелі. Бүгінгі күнге 1 тұрғын үй (Тараз қ. №5.1)нысанының құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылды.

Құрылыс басқармасы 9 нысанның тапсырысшысы болып табылады,олар:

— Денсаулық сақтау саласында — 2 нысан 2018-2020ж. (200 орындық онкологиялық диспансер, шу қ. Орталық ауруханаға жапсарлас құрылыс);

— Спорт саласында — 2 нысан (Тараз қаласы «Жастар» стадионын қайта жаңғырту, Талас ауданы Үшарал ауылында спорт кешен құрылысын салу);

— Білім саласында — 3 нысан  («Тараз қаласындағы ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатына спорт залы, өндірістік шеберханалар, тауарларды сақтау қоймалары және табиғи газбен жылытатын монша құрылысы»,

«Байзақ ауданының Сарыкемер ауылындағы Желтоқсан көшесінде №59 орналасқан №3 колледжінің спорттық залын, асханасының құрылысы»,

«Үміт» қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп интернатына жедел саты орнату»);

— Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілері – 1 нысан(Тараз қаласы, Өтеулиев көшесі, №40 әкімшілік ғимаратқа жапсарлас құрылыс салу);

— Іздеу-барлау жұмыстары – 1 нысан(Жамбыл облысы бойынша 48 ауылдарына жер асты суларының қорымен қамтамасыз ету үшін іздеу — барлау жұмыстарын жүргізу);

 

Қаражаттың игерілуі:

 

Ағымдағы жоспар – 11 001,3 млд.теңге. Жергілікті бюджеттен– 7 072,4 млд.теңге, орындалғаны –7071,2 мың теңге – 99,9%, республикалық бюджеттен – 3 928,9 млд. теңге, орындалғаны –3 846,8  млд.теңге- 97,9%.Игерілмеген қаражат– 83 393,2млн.теңге.

«Нұрлы-жер» бағдарламасы

 

Бағдарлама аясында тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 16,7 млрд. теңге қаралды.(РБ – 13,7 млрд., ОБ -3 млрд). 

Арендалық үйлерге 5,7 млрд. теңге бөлінген (РБ – 4,6 млрд. теңге, ОБ – 1,1 млрд. теңге. Оның ішінде құрылысқа-4,1 млрд.тг., сатып алуға-1,6 .млрд. тг.)

Кредиттік үйлерге6,2 млрд. теңге бағалы қағаздар және 200 млн. теңге облыстық бюджеттен қосымша қаржыландыру есебінен.

ИКИ дамытуға4,6 млрд.теңге бөлінген (РБ — 2,9 млрд. теңге, ОБ — 1,7 млрд. теңге).

Жалпы, а.ж. бюджет есебінен 2 175 отбасын пәтермен қамту күтілуде(Кредиттік 21 үйден 1 460 пәтер, арендалық 7 үйден 528 пәтер, 187 пәтерді сатып алуарқылы).

Сонымен қатар, бағдарлама аясында іске асырылатын15жоба есебінен 1 711 га тұрғын үй алқабы(8 398 учаске)инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылатын болады.(Тараз қаласы – 628 га, 3 365 жер телімі, Жуалы – 65 га, 356 жер телімі, Қордай – 615 га, 2 776 жер телімі, Т. Рысқұлов – 138 га, 521 жер телімі, Шу – 258 га, 1 330 жер телімі, Меркі — 7 га, 50 жер телімі).

Оның 13 жобасын ағымдағы жылы аяқтап, барлығы 2 905жер телімін(623,5 га)үлестіру жоспарлануда (Шу – 1330, Жамбыл – 28, Байзақ ауданы – 225, Жуалы-298, Қордай – 500, Т.Рысқұлов – 524).

 

Жатақхана

Әкімдік тарапынан тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларын жатақханалармен қамту жұмыстары қолға алынды.

Осы мақсатта Тараз (360)Жаңатас (56), Қаратау (88)және Шу (108)қалаларында баспанаға мұқтаж деп анықталған осы санаттағы 612 отбасына жатақханалар салынады.

Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 2, 6 млрд. теңге (Таразда 8 үйіне — 1,9 млрд.тг.) қаралатын болады.

 

Жеке инвестиция есебінен556 пәтерлі 8 үйдің(36 700 шм) құрылысы басталып, а.ж. 74 пәтерлі 3 үйді(6 772 шм) пайдалануға беру жоспарланған.

 

Өзекті мәселелер:

 

  1. Жобалау-сметалық құжаттамалар.Жамбыл облысының құрылыс басқармасы бағдарлама әкімшісі болып табылатын 2013-2018 жылдар аралығында әзірленіп, 2018 жылдың қорытындысымен аяқталу қажет жобалардан, бүгінгі күнге дейін 52 жобаның(Тараз-20, Жамбыл-3, Қордай-4, Меркі-6, Т.Рысқұлов-5, Жуалы-7, Мойынқұм-3, Сарысу-4) әзірлеу жұмыстары аяқталмаған және сараптама қорытындысы алынбаған.

Бұл бойынша басқармамен жобаны аяқтау мерзімі көрсетілген іс-шара жоспары әзірленіп, қала/аудан әкімдіктерімен келісілген болатын. Аталған іс-шара жоспарына сәйкес, бүгінгі күнге 44 жоба(Тараз-20, Жамбыл-1, Қордай-3, Меркі-6, Жуалы-7, Мойынқұм-3, Сарысу-4) толығымен аяқталу қажет, қалған 8 жобаның(Жамбыл-2, Қордай-1, Т.Рысқұлов-5)әзірлеу мерзімдері бар.

2019 жылға жаңадан әзірлеуге 153 жобаға қаржы қаралған. Бүгінгі күнге82 жоба бойынша жобалаушы мекемемен келісім шарт жасалған, 40 жобаның(Тараз-29, Жамбыл-5, Т.Рысқұлов-5, Қордай-1) жобалаушы мекемесін анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланбаған.

Сондай-ақ, 27.03.2018 жылғы №50 қаулысының 15.5-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу конкурсы қаржы жылының 1 ақпаннан кешіктірмей жариялауды қамтамасыз етсін» делінгеніне қарамастан, 31 жобаның(Меркі-23, Т.Рысқұлов-4, Жуалы-3, Қордай-1)жобалаушы мекемесін анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп жарияланған. Осыған орай, бүгінгі күнге дейін аталған жобалардың жобалаушы мекемелері анықталмаған.

 

2.Құрылыс деректер базасы. Құрылысы жүріп жатқан нысандардың мониторингін жүзеге асыру үшін қала және аудандарына базаға мәліметтерді енгізуі бойынша оқыту және қажетті іс-шаралар өткізілген, сондай-ақ, хаттармен базаға толтыру бойынша нұсқаулықтар жолдандған болатын.

2019 жылдың 4 мамырындағы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары бұрыштама тапсырысына сәйкес 10 күн ішінде, базаға жауапты тұлға ретінде салаға жауапты орынбасарын тағайындап, растау құжатының көшірмесін басқармаға ұсыну керектігі туралы тапсырма берілген болатын.

Алайда, аталған тапсырманыТараз қаласы, Сарысу, Мойынқұм және Қордай аудандары тарапынан орындамаған.

Бүгінгі күнге базаға жалпы 2223 нысан енгізілген. Енгізілген ақпаратқа мониторинг жүргізу барысында (17.06.2019 жылға) бірнеше кемшіліктер орын алып отыр. Атап айтқанда:

1)Енгізілген нысандардың саны.Аазаматтарға жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) Қордай ауданында2276және Тараз қаласында2317 жер телімдері берілген. Алайда, бүгінгі таңға базаға Қордай ауданы 297 нысан енгізген, Тараз қаласы 138 нысан енгізген, көрсетілген мәліметтері толық толтырылмаған.

2) Енгізілген нысандардың мәліметі бойынша.Бүгінгі таңға енгізілген 2223 нысан боынша барлық қала/аудан тарапынан мәлімет толық емес және сапасыз (құрылыс нысанның атауы,құрылыс түрі, субъектінің атауы, ЖСН/БСН (субъектінің), жергілікті атқарушы органның жерді беру туралы шешімінің № және берілген күні, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының № және берілген күні, жер учаскесінің нысаналы мақсаты).