Басқарма туралы жалпы ақпарат

  1. «Жамбыл облыстық  құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Басқарма), заңдарға сәйкес облыстың құрылыс салаларында арнайы атқарушы және бақылаушы міндеттерін үйлестіретін және басқаруға өкілеттігі бар атқарушы орган болып табылады.
  2. «Жамбыл облыстық құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,  Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне,  өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Жамбыл облыстық  құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілде аталуы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  4. Басқарманың заңды мекенжайы: 080000, Қазақстан Республикасы,  Жамбыл облысы, Тараз қаласы. Желтоқсан көшесі 78, электрондық почта: obl_stroi08@mail.ru