Без названия

Шалдаров Жайықбай Шалдарұлы 

1976 жылы 23 тамызда Оңтүстік-Қазақстан облысы,Төле би ауданында туылған.

Ұлты қазақ, білімі жоғары.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін Экономикалық кибернетика мамандығы бойынша бітірген.

2003 жылы Солтүстік Қазақстан Заң академиясын «Юриспруденция» мамандағы бойынша аяқтаған.

Ал 2012 жылы Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын «Саясаттану мамандығы бойынша әлеуметтік білім магистрі білімін аяқтаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Сотүстік Қазақстан облысында Есіл аудандық қаржы басқармасының жетекші маманы болып бастаған.

2001-2004 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Соттар Әкімшісінің Есіл аумақтық бөлімінің сот орындаушысы, аға  сот орындаушысы.

2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Көлік және байланыс департаментінің бас маман-заңгері.

2005 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Көлік және байланыс департаментінің жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бөлімінің басшысы.

2005-2006 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің басшысы.

2006-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бөлімінің басшысы.

2007-2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы  Сот актілерін орындау департаменті бастығының орынбасары.

2013-2014 жылдары Жамбыл облысы Сот актілерін орындау департаментінің басшысы.

2014-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Жамбыл облысы Әділет Департаментінің басшының орынбасары.

2018 жылдың 06 қарашасынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы.