Дата: Октябрь 18, 2019 Раздел: Без рубрики, Бос лауазымдарға жарияланған конкурстар Комментарий: 0

Барлық органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  • ғылыми дәрежесінің болуы.

 

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-3 126357 170599
D-O-4 108306 146177

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511,523 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 433675, e-mail: (obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz) барлық органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының инвестиция тарту және индустриалды-инновациялық дамыту бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, №03, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін орындауды қамтамасыз ету. «Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығына сәйкес, Республикалық Индустрияландыру картасы және Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің 14 саласы бойынша жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету. Аймақтың кәсіпкерлікті қолдау карталарына енгізілген жобалардың орындалу барысына мониторинг жасау; басым бағыттарға сәйкес экономикалық және әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды іріктеуге қатысу; республикалық және/немесе өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына жобаларды енгізу бойынша ұсыныстар енгізу; өнеркәсіп саласын, облыстың инвестициялық әлеуетін, цифрландыру, инновацияны дамытуды зерделеу, талдау және болжау; басым бағыттарға сәйкес экономикалық немесе әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды іріктеуге қатысу. Өңірдің индустрияландыру картасына және кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген облыс кәсіпорындарының жоспарлы қуатына жетуін қамтамасыз етуге бақылау жасау, аумақты дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысу, арнайы экономикалық аймақты, индустриалды аймақтарды дамытуға байланысты тиісті жұмыстар жүргізу. Инвестицияларды тарту бойынша тұрақты мониторинг жүргізу (соның ішінде шетелдік, мемлекеттік емес және шикізаттық емес сектор), басшылықтың қарауы үшін материалдар жинақтау. Өз саласында облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын дайындау және келісу. «Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» МКМ және «Тараз ӘКК»АҚ-мен инвестицияларды тарту бойынша өзара әрекеттесу. Бөлімнің перспективті және ағымдағы жоспарларын құрастыру, жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Бөлімнің қызметін үйлестіру, оның жұмысын ұйымдастыру. Жоғары тұрған басшылық тапсырмаларының орындалуын бақылау. Басқарып отырған бөліммен имиджді және басқа да іс-шараларды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе металлургия немесе машина жасау немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру немесе тоқыма материалдарының технологиясы және жобалау немесе азық-түлік қауіпсіздігі немесе пайдалы қазбаларды байыту немесе мұнай химиясы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағытын», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №32 қаулысымен бекітілген Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын, сондай-ақ осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы  автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы,  санаты D-О-4, 1 бірлік,  №02-1.

Функционалдық міндеттері:  бөлімде өз уәкілеттілігімен және лауазымдық міндеттемелермен анықталған жұмыстар атқарады.  Басшылардың тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындайды. Бөлім жұмысының нәтижелі жүргізілуіне ұсыныс беріп отырады. Атқарылған жұмыстардың көлемдерін қабылдауға қатысу, мердігерлік Ф2  актісі және № 3  анықтамасының дұрыс толтырылуын жүзеге асырады. Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы тексеру жұмыстарын ұйымдастырады. Облыстық мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы жасанды құрылымдардың техникалық және эксплуатациялық жағдайларын жоғарылату мақсатында жылдық жоспар әзірлеу  барысында ақаулық  ақпар тізімін дайындауға қатысады. Жол-құрылыс материалдарының жылдық қажеттілігінің іріктемесін жүргізеді. Облыстық мәндегі автомобиль  жолдарында атқарылатын күрделі, орта жөндеу жұмыстарының  және атқарылған жұмыстардың тізімін әзірлейді.   Өзіне бекітілген мердігерлік мекемелердің титулдық жұмыс тізіміне сәйкес атқаратын өндірістік жұмыстарының сапасына және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уақтылы шара қолдануына   жауапты. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді. Басқарманың   ішкі еңбек тәртіп  ережелерін сақтауға міндетті. Жамбыл облысының облыстық мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы жасанды құрылымдардың пайдаланылуын, техникалық  жағдайы деңгейінің жоғарылауын қадағалайды. Автомобиль жолдарының сақталу және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқармамен жол саласы бойынша ҚР Үкіметінің шешімдерін және құқықтық-нормативтік актілерінің орындалуын қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: құрылыс немесе көлік құрылыс немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының   «Автомобиль жолдары туралы» Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы-бухгалтер, D-О-4 санаты, 1 бірлік, № 05-1

Функционалдық міндеттері: өз құзыры шегінде басқарманың қаржылық жоспарлау қызметтерін жүргізеді. Баланстарды және шығыс сметаларын орындау бойынша есептерді уақтылы беруін қамтамасыз етуді қадағалайды. Есеп-қисап қызметіне қатысты есептік және есепке алу мәселелері және тағы басқа да құқықтық құжаттар жөніндегі әдістемелік нұсқау, нұсқаулық және жүйелі есеп ережелерін жүргізуді қамтамасыз етеді. Қалалық қазынашылық басқармасы және қаржы басқармаларымен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді. Басқармадағы материалдық құндылықтардың сақталуына тікелей жауапты болады, есебін жүргізеді. Басқарма қызметкерлеріне шығыс және кіріс материалдарын сатып алу мен босату жөніндегі жауапты тұлға болып табылады. Салық және статистика департаменттеріне басқарманың қаржылық есептерінің уақытылы берілуін қамтамасыз етеді. Бюджеттік өтінімдерді жасайды, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өткізеді. Басқарма қызметкерлеріне қажетті кеңсе заттар және ұйымдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді және есеп жүргізеді. Басқармадағы ұйымдық-техникалық жабдықтарды (компьютерлерді, принтерлерді және т.б.) қажетті бөлшектермен қамтамасыз ету үшін бөлімдерден ұсыныс жинап, қамтамасыз етуді ұйымдастыруды. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Бюджет Кодексін, Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер шыққанша 2022 жылдың 26 маусымына дейін) D-О-4 санаты, 1 бірлік, № 05-4.

Функционалдық міндеттері: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы іс-шараларды жүзеге асырады. Басқармада  Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлейдi және iске асырады. Басқарманың іс-номенклатурасын және құжатайналымын ұйымдастырады. Басқармада, оның құрылымдық бөлімшелерінде құжаттардың Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес біртұтас тәртіппен жүргізілуі аясында атқарылатын жұмыстарды үйлестіреді. Басқармаға келіп түскен құжаттарды уақытылы тіркеп, сараптама жүргізе отырып, тиісті орындаушы лауазым иелеріне жеткізуді ұйымдастырады және орындалуын бақылауда ұстайды, жоғарғы органдардан түскен және облыс әкімімен, әкімдігімен қабылданған бақылауға алынған актілердің және хаттардың уақытылы орындалуын қадағалайды. Автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің бірыңғай есебін және 1-ТӨ нысанды статистикалық есепті жүргізеді. Басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қабылдау жүргізулерін ұйымдастырады.  «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмысты жүргізу (кіріс құжаттарды тіркеу және орындаушыларға жеткізу, олардың мерзімінде орындаулына бақылау жасау). Басқармада мемлекеттік тілдің қолданылуы бойынша уәкілетті органдарға уақытылы  есеп береді. Мұрағат жұмыстарын жүргізеді.  Құқықтық жалпы оқу бойынша Әділет департаментіне ай сайын есеп береді, осы жұмыс бойынша жинақтау жұмысын атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында. Мамандығы: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, D-O-4 санаты, №09-4.

            Функционалдық міндеттері: бюджетке қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен қабылданған іс-шаралар жоспарын орындауға және «Ұлт жоспары-100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» жоспарын жүзеге асыру. Жергілікті бюджеттерге нақтылау жасалынған мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат дайындаумен айналысу. Тиісті үш қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеуге, тиісті үш қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімінің іске асыру туралы облыс әкімдігінің қаулысының жобасын әзірлеуге қатысу. Облыс және аймақтар бюджеті бойынша ақпараттар мен анықтамалар дайындау, облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттердің орындалуына талдау жүргізеді. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Жұмыс жоспарына және басқарма мәжілістерімен, жиналыстарына, семинарлар мен басқа да жиналыстарға арналған тиісті материалдар дайындау, қатысу. Құжаттар мен басқарма басшылығы тапсырмаларының орындалуына, олардың дер кезінде және сапалы орындалуына бағытталған жедел шараларды қабылдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе статистика немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау және мониторингілеу жүйесін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

 

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Ссылка на материал: http://u.uprstroijambyl.kz/2019/10/18/barly-organdardy-memlekettik-yzmetshileri-arasynda-bos-memlekettik-kimshilik-lauazymdar-a-ornalasu-a-ishki-konkurs-turaly-habarlandyru-4/trackback/

Leave reply:

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *