Дата: Сентябрь 26, 2019 Раздел: Без рубрики, Бос лауазымдарға жарияланған конкурстар Комментарий: 0

Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  • ғылыми дәрежесінің болуы.

 

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-3 126357 170599
D-O-4 108306 146177

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511,523 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 433675, e-mail: (obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz) Жамбыл облысы әкімі аппараты және Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, (№5-1), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: жануарлар дүниесін қорғауды және өсімін молайту құжаттарын әзірлеуде бөлімнің жұмысын басқару. Бөлім қызметкерлердің арасында міндеттерін бөлу, әзірленетін материалдардың толықтығына, сапасына және дұрыстығын, құжаттардың дер кезінде әзірленуін бақылау жасау. Жануарлар дүниесі мен балық шаруашылығын дамыту және жаңарту бойынша нормативтік құқықтық актілердің, ұзақ мерзімді, сондай-ақ ұтымды пайдалану және жылдық жоспарлардың жобасын әзірлеуге қатысу. Облыс әкімдігіне талдау және ақпараттық материалдармен қорытынды есепті әзірлеу.  Жануарлар дүниесі және балық шаруашылығы мәселелері бойынша облыстық кеңестері мен семинарларға қатысу. Мемлекеттік органның құзырына кіретін мемлекеттік қызмет сапасына зерделеу жүргізу. Жануарлар дүниесін пайдаланудың тәртібімен ережесінің сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік орман қоры аумағында жабайы аңдардың Қызыл кітапқа енгізілген түрлерінің есебінің мониторингті жүргізілуін қадағалау. Мемлекеттік органмен көрсетілген қызметтердің нәтижелері бойынша талдаулар жасау, ақпараттар дайындау, атқарылған жұмыстар бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстар және ақпараттарды уақтылы жолдауын қадағалау. Мемлекеттік органмен ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің регламенттерінің жобасын әзірлеу және тұтынушы нұсқаулықтарының мәтінін облыс әкімдігінің веб-сайтына орналастыру, өзгерістер мен толықтырулар болған жағдайда жаңартып отыруды қамтамасыз етуін бақылау жүргізу. Е-лицензиялау ақпараттық жүйесімен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі —  ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы. Мамандығы: аңшылықтану және аң шаруашылығы немесе өнеркәсіптік балық аулау немесе балық шаруашылығы немесе орман ресурстары және орман өсіру немесе экономика немесе биология немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының Орман және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерін, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының инвестиция тарту және индустриалды-инновациялық дамыту бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, №03, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін орындауды қамтамасыз ету. «Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығына сәйкес, Республикалық Индустрияландыру картасы және Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің 14 саласы бойынша жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету. Аймақтың кәсіпкерлікті қолдау карталарына енгізілген жобалардың орындалу барысына мониторинг жасау; басым бағыттарға сәйкес экономикалық және әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды іріктеуге қатысу; республикалық және/немесе өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына жобаларды енгізу бойынша ұсыныстар енгізу; өнеркәсіп саласын, облыстың инвестициялық әлеуетін, цифрландыру, инновацияны дамытуды зерделеу, талдау және болжау; басым бағыттарға сәйкес экономикалық немесе әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды іріктеуге қатысу. Өңірдің индустрияландыру картасына және кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген облыс кәсіпорындарының жоспарлы қуатына жетуін қамтамасыз етуге бақылау жасау, аумақты дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысу, арнайы экономикалық аймақты, индустриалды аймақтарды дамытуға байланысты тиісті жұмыстар жүргізу. Инвестицияларды тарту бойынша тұрақты мониторинг жүргізу (соның ішінде шетелдік, мемлекеттік емес және шикізаттық емес сектор), басшылықтың қарауы үшін материалдар жинақтау. Өз саласында облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын дайындау және келісу. «Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» МКМ және «Тараз ӘКК»АҚ-мен инвестицияларды тарту бойынша өзара әрекеттесу. Бөлімнің перспективті және ағымдағы жоспарларын құрастыру, жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Бөлімнің қызметін үйлестіру, оның жұмысын ұйымдастыру. Жоғары тұрған басшылық тапсырмаларының орындалуын бақылау. Басқарып отырған бөліммен имиджді және басқа да іс-шараларды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе металлургия немесе машина жасау немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру немесе тоқыма материалдарының технологиясы және жобалау немесе азық-түлік қауіпсіздігі немесе пайдалы қазбаларды байыту немесе мұнай химиясы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағытын», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №32 қаулысымен бекітілген Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын, сондай-ақ осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы  автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы,  санаты D-О-4, 1 бірлік,  №02-1.

Функционалдық міндеттері:  бөлімде өз уәкілеттілігімен және лауазымдық міндеттемелермен анықталған жұмыстар атқарады.  Басшылардың тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындайды. Бөлім жұмысының нәтижелі жүргізілуіне ұсыныс беріп отырады. Атқарылған жұмыстардың көлемдерін қабылдауға қатысу, мердігерлік Ф2  актісі және № 3  анықтамасының дұрыс толтырылуын жүзеге асырады. Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы тексеру жұмыстарын ұйымдастырады. Облыстық мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы жасанды құрылымдардың техникалық және эксплуатациялық жағдайларын жоғарылату мақсатында жылдық жоспар әзірлеу  барысында ақаулық  ақпар тізімін дайындауға қатысады. Жол-құрылыс материалдарының жылдық қажеттілігінің іріктемесін жүргізеді. Облыстық мәндегі автомобиль  жолдарында атқарылатын күрделі, орта жөндеу жұмыстарының  және атқарылған жұмыстардың тізімін әзірлейді.   Өзіне бекітілген мердігерлік мекемелердің титулдық жұмыс тізіміне сәйкес атқаратын өндірістік жұмыстарының сапасына және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уақтылы шара қолдануына   жауапты. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді. Басқарманың   ішкі еңбек тәртіп  ережелерін сақтауға міндетті. Жамбыл облысының облыстық мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы жасанды құрылымдардың пайдаланылуын, техникалық  жағдайы деңгейінің жоғарылауын қадағалайды. Автомобиль жолдарының сақталу және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқармамен жол саласы бойынша ҚР Үкіметінің шешімдерін және құқықтық-нормативтік актілерінің орындалуын қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: құрылыс немесе көлік құрылыс немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының   «Автомобиль жолдары туралы» Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік, № 03-1.

Функционалдық міндеттері: бөлімде өзіне жүктелген міндеттер бойынша  жұмыс атқарады, бөлім құзырындағы  мәселелердің шешілуіне және басшылардың  тапсырмаларын орындауға жеке дара жауап береді. Қазақстан Республикасының Президентінің,  Қазақстан Республикасының Үкіметінің  актілерінің, облыс Әкімі мен әкімдігінің, облыстық мәслихаттың  шешімдері мен хаттамаларын   орындалуын қамтамасыз етеді. Тұрғын – үй және мәдениет-тұрмыстық құрылыстардың бағдарламаларын жасауға қатысады, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан  құрылыстардың техникалық деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді. Мердігерлік мекемелермен құрылыс жұмыстарының  құрылыс жоспарына және кестесіне  сәйкес сапалы,  уақтылы жүргізілуін бақылайды. Жамбыл облысы бойынша статистикалық басқармасына статистикалық есептерді сапалы түрде әзірлеп, уақтылы  тапсырады. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді. Құрылыс нысандары бойынша Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің құрылыс бөлімдерімен өзара бірлесе отырып әрекет жасайды. Құрылыстарды, ғимараттарды салу, кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар  объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдауға ұсыныс беру; әлеуметтік нысандардың құрылыс-монтаж жұмыстарының кестеге сай жүргізілуін үйлестіру туралы шұғыл ақпараттар мен мәліметтерді жинау және ұсыну, бөлімнің есептерін дайындау  және ұсыну; облыстың әлеуметтік экономикалық дамуының жоспарына сәйкес нысандардың құрылыс  мәселелері бойынша салалық  басқармалармен  бірлескен жұмыс жүргізу; бөлімнің құзіреті шегінде облыстық құрылыс басқармасы тапсырысшы болып табылатын нысандарды (кешендерді)  пайдалануға қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; облыс әкімі және басқарма басшысы  тапсырмаларының, жеке және заңды тұлға өтініштерінің орындалуын ұйымдастыру; атқарылған жұмыстардың құны анықтамасында көрсетілген  жұмыстардың  көлемін мониторингілеу; бөлімнің құзіреті шегінде бюджеттің орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және оған бақылау жасау; мердігер ұйымдар, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тарапынан келісімшарт міндеттемелерін бұзушылық анықталған жағдайда  бөлімнің  құзіреті шегінде қолданыстағы  заңнамада, сондай-ақ түзілген келісімшартта қаралған шараларды қолдану, оның орындалуына бақылау жасау; бөлімнің құзіреті шегінде мердігер ұйымдар мен техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тарапынан қабылданған келісімшарт міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру; басшы қол қойғанға дейін орындалған жұмыс көлемінің дұрыстығы, бағалардың негізділігі, сондай-ақ жеткізушілер мен мердігерлер ұйымы құжаттарындағы  мәліметтеріне сәйкес атқарылған жұмыстар мен қызметтерге, жеткізілген тауар мен өндірістік шығындарға ақы төлеу нысандарының дұрыстығын растап тексеру, атқарылған жұмыстардың дұрыстығын және жеткізілген тауар мен өндірістік шығындарды растап, визасын қою; бөлімнің құзіреті шегінде өндірістік жұмыстардың кестесін келісу; облыс әкімі және оның орынбасарларының,  басқарма басшылығының, өзге мемлекеттік органдардың тапсырмаларын орындау. Заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімінің  шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз ету кіреді. Жобалық-сметалық құжаттардың әзірленуіне бақылау жасайды, нормативті-әдістемелік базаларды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау. Республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын құрылыстардың жобалау-сметалық құжаттамаларының архитектуралық, көлемдік-жоспарлық шешімдері мен конструкциялық шешімдеріне талдау жасап, тиісті ұсыныстар енгізу; «Мемлекеттік сараптама» РМК-мен бірлесіп жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; облыстың әлеуметтік экономикалық дамуының индикативтік жоспарына сәйкес объектілердің жобалау мәселелері бойынша салалық  басқармалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; жобалық-сметалық құжаттамалардың дайындығы  жөніндегі актіні  растап қол қою және атқарылған  жұмыстардың көлеміне, құнына және жобалауға  арналған тапсырманың қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен ҚНжЕ сәйкестігіне жеке жауапкершілікте болу; облыс әкімінің және басқарма басшысының тапсырмаларын,  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарап, орындалуын ұйымдастыру; өз құзіреті шегінде бюджеттің орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау жасау; әзірленген жобалау-сметалық құжаттамаларында отандық материалдарды, жабдықтарды, тауарларды қолдану шарттарының болуына бақылауды жүзеге асыру; салынатын нысандардың жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу кезінде, жаңа технологияларды пайдалана отырып, заманауи құрылыс материалдарын ендіру; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау кіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе өнер саласында. Мамандығы: құрылыс  немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе электр энергетикасы немесе жылу энергетикасы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе сәулет.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Қазақстан Республикасының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс туралы» Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы-бухгалтер, D-О-4 санаты, 1 бірлік, № 05-1

Функционалдық міндеттері: өз құзыры шегінде басқарманың қаржылық жоспарлау қызметтерін жүргізеді. Баланстарды және шығыс сметаларын орындау бойынша есептерді уақтылы беруін қамтамасыз етуді қадағалайды. Есеп-қисап қызметіне қатысты есептік және есепке алу мәселелері және тағы басқа да құқықтық құжаттар жөніндегі әдістемелік нұсқау, нұсқаулық және жүйелі есеп ережелерін жүргізуді қамтамасыз етеді. Қалалық қазынашылық басқармасы және қаржы басқармаларымен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді. Басқармадағы материалдық құндылықтардың сақталуына тікелей жауапты болады, есебін жүргізеді. Басқарма қызметкерлеріне шығыс және кіріс материалдарын сатып алу мен босату жөніндегі жауапты тұлға болып табылады. Салық және статистика департаменттеріне басқарманың қаржылық есептерінің уақытылы берілуін қамтамасыз етеді. Бюджеттік өтінімдерді жасайды, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өткізеді. Басқарма қызметкерлеріне қажетті кеңсе заттар және ұйымдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді және есеп жүргізеді. Басқармадағы ұйымдық-техникалық жабдықтарды (компьютерлерді, принтерлерді және т.б.) қажетті бөлшектермен қамтамасыз ету үшін бөлімдерден ұсыныс жинап, қамтамасыз етуді ұйымдастыруды. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Бюджет Кодексін, Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер шыққанша 2022 жылдың 26 маусымына дейін) D-О-4 санаты, 1 бірлік, № 05-4.

Функционалдық міндеттері: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы іс-шараларды жүзеге асырады. Басқармада  Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлейдi және iске асырады. Басқарманың іс-номенклатурасын және құжатайналымын ұйымдастырады. Басқармада, оның құрылымдық бөлімшелерінде құжаттардың Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес біртұтас тәртіппен жүргізілуі аясында атқарылатын жұмыстарды үйлестіреді. Басқармаға келіп түскен құжаттарды уақытылы тіркеп, сараптама жүргізе отырып, тиісті орындаушы лауазым иелеріне жеткізуді ұйымдастырады және орындалуын бақылауда ұстайды, жоғарғы органдардан түскен және облыс әкімімен, әкімдігімен қабылданған бақылауға алынған актілердің және хаттардың уақытылы орындалуын қадағалайды. Автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің бірыңғай есебін және 1-ТӨ нысанды статистикалық есепті жүргізеді. Басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қабылдау жүргізулерін ұйымдастырады.  «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмысты жүргізу (кіріс құжаттарды тіркеу және орындаушыларға жеткізу, олардың мерзімінде орындаулына бақылау жасау). Басқармада мемлекеттік тілдің қолданылуы бойынша уәкілетті органдарға уақытылы  есеп береді. Мұрағат жұмыстарын жүргізеді.  Құқықтық жалпы оқу бойынша Әділет департаментіне ай сайын есеп береді, осы жұмыс бойынша жинақтау жұмысын атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында. Мамандығы: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, D-O-4 санаты, №09-4.

            Функционалдық міндеттері: бюджетке қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен қабылданған іс-шаралар жоспарын орындауға және «Ұлт жоспары-100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» жоспарын жүзеге асыру. Жергілікті бюджеттерге нақтылау жасалынған мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат дайындаумен айналысу. Тиісті үш қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеуге, тиісті үш қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімінің іске асыру туралы облыс әкімдігінің қаулысының жобасын әзірлеуге қатысу. Облыс және аймақтар бюджеті бойынша ақпараттар мен анықтамалар дайындау, облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттердің орындалуына талдау жүргізеді. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Жұмыс жоспарына және басқарма мәжілістерімен, жиналыстарына, семинарлар мен басқа да жиналыстарға арналған тиісті материалдар дайындау, қатысу. Құжаттар мен басқарма басшылығы тапсырмаларының орындалуына, олардың дер кезінде және сапалы орындалуына бағытталған жедел шараларды қабылдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе статистика немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау және мониторингілеу жүйесін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

 

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Ссылка на материал: http://u.uprstroijambyl.kz/2019/09/26/zhambyl-oblysy-kimdigini-zhergilikti-at-arushy-organdardy-memlekettik-yzmetshileri-arasynda-bos-memlekettik-kimshilik-lauazymdar-a-ornalasu-a-ishki-konkurs-turaly-habarlandyru-3/trackback/

Leave reply:

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *